17 қар, 2022 сағат 14:37

Қазақстанға БҰҰ Жарғысын ұстанғаны үшін алғыс айтамын - Боррелл

Фото: elements.envato.com

Еуропалық одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррелл Қазақстанға БҰҰ Жарғысына, әсіресе барлық елдің аумақтық тұтастығына қатысты ұстанымы үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Президент мырза (Қасым-Жомарт Тоқаев - еск.) мені Ауғанстандағы жағдай туралы хабардар етті. Кеше ғана Ауғанстан бүкіл газеттің мұқабасына шықты, бірақ бүгін бәрі оны ұмытып кетті. Ал біз бұл туралы ұмытқан жоқпыз. Бұл елдегі жағдай біз үшін өте маңызды.

Біз өз ұстанымдарымызды біріктіру және көпжақтылықты қорғау, сондай-ақ аумақтық тұтастық пен егемендік туралы БҰҰ Жарғысын құрметтеу қажет екені туралы келістік. Мен Қазақстанға БҰҰ Жарғысына, әсіресе барлық елдің аумақтық тұтастығына қатысты берік ұстанымы үшін алғыс айтамын. Бірге біз өз аймақтарымызда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге дайынбыз", - деді ол Ақордада өткен баспасөз мәслихатында.