#
#
Сейсенбі 24/11/2020

Қазақстанға автокөлік арқылы кірген 122 адамнан коронавирус анықталды – ДСМ

  • 21.10.2020
  • 0
  • 65

Қазақстанның мемлекеттік шекараларында санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Бұл сұрақ бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес 6 қазаннан бастап Қазақстанның мемлекеттік шекараларында санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстары күшейтілді. Бұл – әуе мен автокөлік қозғалысы бойынша шектеу. Осылайша бүгінге дейін 73 591 азамат (қазақстандық және шетелдік азаматтар) автокөлікті өткізу бекеттері арқылы өтті. Олардың ішіндегі жолаушылар – 21 279 адам. ПТР-анықтамасы жоқ азаматтар екі күндік карантинге жатқызылды. Ондай санаттағы жолаушылардың саны – 5967 адам болды. Олардың ішінде 122 адамнан коронавирус анықталды», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Комитет басшысы сонымен қатар халықаралық әуе рейстері арқылы Қазақстанға 34 446 жолаушы келгенін, олардың ішінде ПТР-анықтамасы жоқ 5 925 адам карантиндік стационарға жатқызылғанын айтты. 

«Солардың ішінде 19 адамның бойынан коронавирус анықталды. Коронавирус жұқтырған азаматтар Түркия, БАӘ, Беларусь, Ресей, Мысыр елінен келгендер», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР