05 қаз, 2018 сағат 09:37

Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс - Назарбаев

Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға кезекті Жолдауын жариялаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет, мемлекеттік органдардың, компаниялардың бірінші басшылары жұмысқа деген әдістерін өзгертулері тиіс. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс. Жалпы Ішкі жалпы өнім, инфляция, барлық  макроэкономикалық көрсеткіштер өздігінен-ақ цифрлар. Бұл цифрларға қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін қол жеткіземіз. Барлық әкімдер мен министрлерге мұны барлық уақытта есте сақтап, бастарында ұстауларын өтінемін», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы дәл осы параметрлермен барлық деңгейдегі бүкіл басшылардың қызметтеріне сәйкестігінің дербес жауапкершілігі бағаланатындығын баса айтты.

«Қазақстандықтардың әл-ауқаты бірінші кезекте тұрақты табыс пен сапалы өмірлеріне байланысты. Адамның өзі еңбексүйгіш болған кезде табысы да арта түседі. Мен мұны үнемі айтып келемін», - деп ескертті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, адамға жұмыс орнын ұсыну емес, біліктілік мәселе болып отыр. Біліктілік болмаса  онда экономикамыздың түрлі салаларында мамандық та болмайды.