Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов әуе көлігінде Covid-19 инфекциясына ПТР тесттен өту міндеттілігі жөніндегі талаптарды алып тастау туралы түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осыған дейін мәлімделгендей, алдағы уақытта елдің ішкі әуе рейстеріне талаптар жұмсартылады. Себебі қазір сырттан келетін жолаушыларға COVID-19 белгілерін растайтын және басқа да талаптар бойынша арнайы мониторинг жүргізіледі.
Айта кету керек, 2020 жылдың 1-10 мамыры аралығында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша әуе кемесімен ұшып келген жолаушылар, әуежай қызметкерлері мен әуе кемесінің экипаждары арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары тіркелген жоқ. Осыған байланысты, биылғы жылдың 11 мамырынан бастап жолаушылар, әуежайлар қызметінің өкілдері және экипаж үшін Covid-19 инфекциясына ПТР тесттен өту міндетті талабы алынып тасталды. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер тиісті қаулы қабылдады.