Фото:depositphotos.com
Қазақстан ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілген түзетулерді ратификациялады. Енді секілді шетелдік сайттардан сатып алынған барлық тауарлар міндетті түрде декларациялануы керек, деп хабарлайды Ult.kz.
Қазіргі кезде 200 еуро (2025 жылы ~127 336 теңге) және 31 кг шегінен аспайтын тауарларға кедендік баж салығы салынбайды. Шектерден асқан жағдайда – 15% баж салығы төленеді.
Жаңа ережелер күшіне енген соң:
Барлық интернет-сатып алулар кеденде декларациялануға тиіс;
Декларацияны сатып алушы өзі не «Қазпошта», DHL сияқты операторлар толтыра алады (қызмет құны – 4–5 мың теңге);
Салық мөлшері 5% баж + 12% ҚҚС (2026 жылдан бастап ҚҚС — 16%);
Яғни, жалпы салықтық жүктеме 17%-ға дейін өседі (қазір — 15%).
Түзетулер ЕАЭО-ға мүше барлық елдер ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.
