14 жел, 2020 сағат 12:37

Қазақстандықтар көп таңдайтын көліктердің 10 моделі жарияланды

Қазақстан автобизнес қауымдастығы 2020 жылғы қарашада Қазақстанда 8 186 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника сатылғанын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Нарық 24 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Сұранысы жоғары модельдер болмаса диллерлер бағаны сақтап, оңтайлы ұсыныстарды күшінде қалдыру үшін тұтынушылармен алдын ала келісім жасасады. Алдағы екі аптада болжам бойынша көлік сату көрсеткіші өсуі керек», - дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева. 

Қараша айында жеңіл автокөліктердің ішіндегі сұранысқа ең көп ие маркасы Hyundai болып шықты. Алматыдағы жаңа Hyundai Trans Kazakhstan зауытының ашылуының арқасында диллерлер 2 166 автокөлік сатып (өткен жылдың қарашасындағы көрсеткіштен 30 пайызға көп), рекордқа жетті. Ал «СарыаркаАвтоПром» компаниясының Chevrolet маркалы көліктерінен қарашада 865 дана (екінші орын) сатылса, Lada сатылған 1 193 көлігімен үшінші орыннан көрінген. Toyota маркалы көліктен өткен айда 719 ғана сатылды (-43%). Десе де жапон көліктері төртінші орында тұр. Одан кейінгі маркалардың тізімінде Kia (506; +1%), Volkswagen (297; +313%), JAC (296; +107%), Nissan (274; +15%) Renault (223; -15%) және Ravon (151) орналасқан.

Модельдер тұрғысынан Chevrolet Nexia бірінші орыннан көрінді. Сатылған 8 мыңнан аса көліктің 1 004 данасы осы көлік. Қазақстандықтар көп сатып алған көліктердің ішінде одан кейінгі орындарда Hyundai Accent (982), Chevrolet Cobalt (619), Lada Granta (606), Hyundai Tucson (524), Hyundai Creta (369), Kia Rio (333), Toyota Camry (312), Lada 4x4 (296) және Volkswagen Polo (252) тұр.