#
#
Дүйсенбі 23/11/2020

Қазақстандықтар депозитте қанша қаржы сақтауда?

  • 29.10.2020
  • 0
  • 205

Биылғы қыркүйек айының соңында банк жүйесіндегі депозиттер 21,4 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Биылғы қыркүйектің соңында банк жүйесіндегі депозиттер жыл басынан бері 12,4 пайызға ұлғайып, 21,4 трлн теңгені құрады. Теңгемен салымдар 12,6 трлн теңгеге дейін 16,7 пайызға, валюталық салымдар – 8,7 трлн теңгеге дейін 6,6 пайызға өсті», - деді Баймағамбетов Парламент Сенатының жалпы отырысында.

Оның айтуынша, теңгемен активтерді қорғау бойынша жедел шаралардың нәтижесінде депозиттерді долларландыру 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 40,9 пайызға дейін (2020 жылғы наурызда 46,7%) төмендеді. 

«Ұзақ мерзімді кредиттердің 12,4 трлн теңгеге дейін 4,5 пайызға немесе 529,2 млрд теңгеге өсуі нәтижесінде экономикаға несиелер биылғы қыркүйектің соңында жыл басынан бері 14,3 трлн теңгеге дейін 3,5 пайызға (немесе 480,6 млрд теңгеге) ұлғайды. Қысқа мерзімді кредиттер 2 трлн теңгеге дейін 2,4 пайызға немесе 48,6 млрд теңгеге азайды», - деді ҰБ өкілі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар