Фото: kolesa.kz
2024 жылы Қазақстанда 31 667 VIP-нөмір рәсімделген, деп хабарлайды Ult.kz.
Ең арзан VIP-нөмірлер (010, 020, 030, т.б.) 57 АЕК (210 330 теңге) тұрса, ең қымбаттары (001, 002, 777) 285 АЕК (1 051 650 теңге) бағаланған.
Қазақстандықтар 2024 жылы VIP-нөмірлерге 15,8 миллиард теңге жұмсаған. Алматы, Астана және Шымкент тұрғындары бұл нөмірлерге ең көп қаражат бөлген. Алматыда 4,9 млрд теңге, Астанада 2,5 млрд теңге, ал Шымкентте 2 млрд теңге жұмсалған.
VIP-нөмірлерді арнайы ХҚКО немесе e-Gov порталы арқылы рәсімдеуге болады. Мұндай нөмірлер басқа адамға берілмейді, тек мұрагерлікке немесе жақын туыстарға қалдыруға рұқсат етілген.