30 мау, 2021 сағат 10:19

Қазақстандық жеңіл атлеттер Олимпиадаға тағы 4 жолдама жеңіп алды


Қазақстандық жеңіл атлеттер Токиода өтетін Олимпиада ойындарына тағы төрт лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық екі спортшы жолдаманы Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (әлемдік жеңіл атлетика) әлемдік рейтингіне сәйкес ие болса, төртінші жолдаманы Қазақстанда өткен жарыс нәтижесі бойынша алды.

Айта кетерлігі, World Athletics Олимпиада жолдамалары туралы нәтижені бүгін жариялады. 

Осылайша, Ольга Сафронова, Михаил Литвин және Ирина Эктова #teamKZ қоржынын жолдамамен толықтырды.

Ольга Сафронова әйелдер арасында 100 және 200 метр қашықтықта жарысқа 2 лицензия жеңіп алды.

Михаил Литвин ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Қазақстан намысын қорғайды.

Ирина Эктова Алматыда өткен жарыстағы нәтижесі бойынша үш қарғып секіруден Олимпиадаға қатысады.

Айта кетерлігі, жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін жеті жолдама болды. Оларды Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Григорий Шейко (спорттық жүріс), Айман Ратова (спорттық жүріс) және Жанна Мамажанова (марафон), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру), Кристина Овчинникова (биіктікке секіру) жеңіп алған болатын.