09 шіл, 2021 сағат 15:33

Қазақстандық жас теннисші елорда турнирінің жартылай финалына шықты


Қазақстандық Бейбіт Жукаев елордадағы ITF World Tennis Tour - M25 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік Петр Бирюковпен күш сынасты. 

Жиырма жастағы Б.Жукаев 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бейбіт Жукаев финалға шығу үшін әлемнің 283-інші, осы жарыстың 5-ракеткасы, тағы бір ресейлік Евгений Карловский немесе рейтингте 453-сатыдағы израильдік Ишай Олиэльдің біреуімен таласады.

Осы додада Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин жұптық сында сәтті өнер көрсетуде. Бүгін Ж.Құламбаева ресейлік Анна Сисковамен бірге жартылай финалға шығу үшін ресейліктер Влада Коваль – Анастасия Тихоновамен шеберлік байқасады. Ал Г.Ломакин ресейлік Ян Бондаревскиймен бірге өзбекстандық Санжар Файзиев – грекиялық Маркос Каловелонисті ұтса, жартылай финалға өтеді.