#
#
Бейсенбі 25/02/2021

Қазақстандық үш боксшы қыз Сербиядағы турнирдің финалына шықты

  • 14.01.2021
  • 0
  • 273

Қазақстандық үш боксшы әйелдер арасындағы «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сербияда әйелдер арасындағы «Ұлттар кубогі» халықаралық бәсекесінің алғашқы финалистері анықталды. Жартылай финалдық кездесу нәтижесі бойынша үш қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. 60 келіде Римма Волосенко жартылай финалда түркиялық қарсыласын жеңіп, финалға шықты. Ал 81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева чехиялық спортшыдан басым түсті. 

Айта кетерлігі, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гүлсая Ержан жеребе нәтижесі бойынша автоматты түрде финалист атанған болатын. 69 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Валентина Халзова жартылай финалда түркиялық әлем чемпионы Бусеназ Сурменелиге жол беріп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды. 

Бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары, атап айтқанда, Арайлым Марат, Дина Жоламан және Владислава Кухта финалдық жолдаманы сарапқа салады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар