14 там, 2020 сағат 18:10

Қазақстандық туынды Швейцариядағы кинофестивальде марапатқа ие болды

Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанованың «Өркениет тарихы» атты қысқа метражды фильмі Швейцариядағы халықаралық кинофестивальде марапатқа ие болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл - мүлдем таң қаларлық жайт. Біздің «Өркениет тарихы» фильміміз Локарнодағы халықаралық кинофестивальде күміс қабыланға (pardini d'argento) ие болды», - деп жазды Жаннат Алшанова Facebook парақшасында

Оның атап өтуінше, марапат оның командасына үздік қысқа метражды фильмі аталымы үшін берілген. 

Локарнодағы халықаралық кинофестиваль маңыздылығы жағынан Еуропадағы Канн, Венеция және Берлин кинофестивальдерінен кейін төртінші орында тұр. Фестиваль Швейцарияның Тичино кантонындағы итальян тілдес шағын қалашықта өткеніне қарамастан, жыл сайын өзіне кино көрермендердің, киноматографистердің және киношолушылардың үлкен шоғырын өзіне баурап отыр. Фестивальдің бас жүлдесі – «Алтын қабылан» деп аталады. 

Фестиваль аясында кинофорум өтіп тұрады.