29 мау, 2021 сағат 12:10

Қазақстандық теннисшілер Олимпиаданың тағы бір жолдамасына ие болды


Қазақстандық теннисшілер Олимпиаданың тағы бір жолдамасына ие болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Елена Рыбакина мен Ярослава Шведова Токиода жұптық сында өнер көрсететін болды. 

Осылайша қазақстандық теннисшілер жеті лицензияны иеленіп отыр. Бұл Қазақстан теннисі үшін рекордтық көрсеткіш болып табылады. Бұған дейін Олимпиадаларда теннисшілер еншісінде ең көбі төрт жолдама болған еді.

Токиода Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова жекелей сында додаға түспек. Ал жұптық сында А.Бублик пен Андрей Голубев, Рыбакина мен Шведова ел намысын қорғайды.

Олимпиадалық теннис турнирі 24 шілде – 1 тамыз аралығында өтеді.