20 қаз, 2020 сағат 22:33

Қазақстандық теннисші Ресей чемпионын жеңді

Үстел теннисінен неміс бундеслигасында сынға түсетін қазақстандық Кирилл Герасименко Werder командасы сапында кезекті матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

«Турнир кестесінің 9-шы сатысында келе жатқан «Вердер» «ТТС ОЕ» клубымен жолыққан болатын. Кездесу нәтижесінде 3:1 есебімен бремендіктер жеңіске жетті. Ал Кирилл Герасименко Ресей чемпионы Лев Кацманды 3:1 есебімен ұтты. Осыдан соң, қазақстандық теннисшінің командасы 7-ші сатыға көтерілді», деп жазады Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті.

Бұған дейін Кирилл Герасименко Гранададағы (Испания) ITTF Challenge Spanish Open кезеңі аясындағы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды. Аталған жарыстың финалында ол Германиялық Бенедикт Дудомен кездесті. 

Тартысты өткен шешуші ойын 7 айналымға созылды. Соңғы кезеңде Герасименко 11:7 есебімен жеңіске жетті. 

Біріншілік барысында ол 6 кездесу өткізіп, қарсылас шақ келтірмеген.