Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жаңартылған WTA рейтингісінде 27-орында көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Осыған дейін US Open, содан кейін Рим турнирінің ширек финалына шыққан Путинцева үш сатыға жоғарылап, өзінің 2017 жылғы үздік көрсеткішін қайталады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғы 18-орнында қалса, Зарина Дияс 72-ден 76-ға сырғыды.
Рейтинг көшін аустралиялық Эшли Барти бастаса, румыниялық Симона Халеп екінші, жапониялық Наоми Осака үшінші орында келеді.
Ерлер арасында ATP рейтингісін сербиялық Новак Джокович бастаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, аустриялық Доминик Тим үшінші сатыда тұр.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик өзінің 56-орнын сақтап қалса, Михаил Кукушкин 86-дан 87-ге, Дмитрий Попко 168-ден 170-ге төмендеді.
Қазақстандық теннисшілер Еуропада өтіп жатқан жарыстарда, әсіресе, алдағы Ролан Гаррос (Франция ашық чемпионаты) додасында табысты өнер көрсетсе, рейтингілерін жақсарта алады.