11 там, 2020 сағат 16:19

Қазақстандық танымал әзілкеш «Біз бірдейміз» әнін 10 тілде орындады

Қазақстандық танымал әзілкеш Данияр Жұмаділов жер бетіндегі адамдардың бірлігі, бірдей екендігі туралы әнді 10 тілде орындап, бейнебаян түсірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Данияр Жұмаділов «Біз бірдейміз» әніне түсірілген бейнебаянды Instagram парақшасына салды. 

Екі күн ішінде бейнебаянды 45 мың адам көріп үлгерген. 

 

«Соңғы уақытта болып жатқан оқиғалар адамзаттың адамгершілік ұғымын ұмытып бара жатқандығынан хабар етеді. Ұлтқа бөлініп, байбалам салудың қажеті жоқ. Адамдарды нәсіліне қарап емес, адамгершілік қасиеттеріне қарап бағалайықшы», - деп жазды ол.

Ол аталған әнді укранин, ағылшын, иврит, неміс, түрік, испан, парсы, қазақ және басқа тілдерде орындады.