Қазақстандық боксшы Дмитрий Ахцигер кәсіби мансабындағы бірінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол Картахенадағы (Колумбия) бокс кеші аясында өнер көрсетті. Төрт раундқа созылған супер ауыр салмақтағы айқаста 21 жастағы қазақстандық колумбиялық Хайме Торреспен жұдырықтасты. Бұл оның да кәсіби бокстағы дебюті. Ахцигер бірінші раундта, айқастың 115-ші секундында техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, Дмитрий кәсіби мансабындағы жолын сәтті бастаса, Торрес бірінші рет жеңілді.