Тараз тумасы, Түркия қорғаушысы 17 жастағы Равиль Тагир Түркияның Бірінші лигасының «Алтынордасынан» елдің қазіргі чемпионы – «Истанбул Башакшехир» командасына ауысты, деп хабарлайды Sports.kz порталы.
2003 жылғы футболшымен келісімшартқа үш жыл бұрын қол қойылған. Тагир 35-ші нөмірлі майка киеді.
«Мен – Қазақстанда дүниеге келген түрікпін», - дейді Тагир «Истанбул Башакшехир» клубы дайындаған бейнебаянда.
Атап өтсек, Transfermarkt Түркияның жастар командасының ауысу бағасын 2,5 миллион еуроға бағалаған. Түрік баспасөзіндегі ақпаратқа сәйкес, «Алтынорда» да қосымша бонустарға ие болуы мүмкін.