22 там, 2022 сағат 08:42

Қазақстандық спортшы EFC турнирінің чемпионы атанды


Елордада Eagle Fighting Championship аралас жекпе-жек лигасының 50-турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Турнирде қазақстандық Дияр Нұрғожай (7-0) мен ресейлік Константин Андрейцев (17-14) кездесу өткізді.

Бәске бос тұрған EFC белбеуі тігілді. Бес раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандық файтер Дияр Нұрғожаевтың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, отандасымыз кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, Eagle Fighting Championship турнирінің жеңімпазы атанды

Дияр Нұрғожаев үшін бұл - Хабиб Нұрмағамбетовтің промоушеніндегі төртінші жекпе-жек. Кәсіпқой мансабында сегіз жекпе-жек өткізген ол бірде-біреуінде жеңіліп көрмеген.