30 жел, 2024 сағат 13:06

Қазақстандық Silk Road Electronics және Samsung Electronics компаниялары Қазақстанда теледидар шығару туралы келісімге қол қойды

Фото: Samsung Electronics Central Eurasia баспаөз қызметі

Келісім Samsung теледидарларының қазіргі желісін, оның ішінде премиум-серияларды шығаруды қарастырады. Жаңа өндіріс желісі Қарағанды облысының Саран қаласындағы Silk Road Electronics кәсіпорнында орналасады, бұл болашақта Қазақстанда және Орталық Азияда жоғары технологиялық өнімге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

«Samsung Electronics тұтынушылық электроника саласындағы ұзақ уақыт бойы технология көшбасшысы ретінде соңғы технологиялар мен бірегей пайдаланушы тәжірибесін ұсынып қана қоймайды, сонымен қатар өз тұтынушыларына жақынырақ болуға ұмтылады. Қазақстанда өндірістің басталуы біздің компания үшін маңызды рөл атқарады, сонымен қатар, бұл біздің өнімдеріміздің жергілікті нарыққа қолжетімділігін арттырады», - деп атап өтті Samsung Electronics Central Eurasia президенті Джонг Юджин ханым.


Фото: Samsung Electronics Central Eurasia баспаөз қызметі

Өндірісті локализациялау өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

«Бұл ынтымақтастық біздің кәсіпорын үшін және жалпы Қазақстанның индустриялық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады. «Samsung Electronics» компаниясымен бірлесе отырып, қазақстандық тұтынушылар үшін әлемдік деңгейдегі өнімді қолжетімді бағамен қамтамасыздандыра аламыз», - деді «Silk Road Electronics» зауытының директоры Александр Владимирович Крицкий.


Фото: Samsung Electronics Central Eurasia баспаөз қызметі

Жоба Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты. Өндірістік желіні іске қосу 2025 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. Тұтынушылар Қазақстанда жасалған алғашқы Samsung теледидарларын келесі жылдың екінші жартысында сатып ала алады.