Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында жерлесіміз Анна Шевченко тағы бір жүлдені ел қоржынына салды.
Қазақстандық шаңғышы 5 шақырым қашықтықтыққа еркін стильде із қуалай жүгіруде үшінші орынға ие болып, Универсиада ойындарындағы екінші медалін мойынға тақты.
Бұл сында бірінші, екінші орынды қос ресейлік спортшы Лилия Васильева мен Анна Нечаевская жеңіп алды.
Айта кетейік, кеше Анна Шевченко шаңғымен классикалық стилде 5 шақырымға жүгіруден қола медаль алған болатын.