Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Түнгі құдай» кинокартинасы Үндістандағы кинофестивальде азиялық конкурстық бағдарламаға қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.
Халықаралық кинофестиваль 21-28 ақпан күндері Үндістанның Бангалор қаласында өтеді. Bengaluru International Film Festival-да азиялық және үнді фильмдерінің конкурстық бағдарламалары бар. Сондай-ақ, конкурстан тыс бағдарламаға тағы бір қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» картинасы қатысады.
Айта кетейік, «Түнгі құдайдың» әлемдік премьерасы 2018 жылдың сәуір айында Мәскеу халықаралық кинофестивалі аясында өтті. Одан бөлек, фильм Париждегі L'Etrange Festival-де, Ресейдегі «Край Света» ХКФ, Индонезиядағы Jogja-NETPAC Asian Film Festival және Алматыдағы Шәкен Айманов атындағы ХКФ-да көрсетілген болатын.