06 мам, 2024 сағат 09:20

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе Англияда футбол клубын сатып алды



Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе Бірінші лигадағы "Уикомб" футбол клубының жаңа қожайыны атанды.


BBC-дің хабарлауынша, Ломтадзенің Blue Ocean Partners Ltd компаниясы осы маусымды Англияның үшінші дивизионында 10-шы орында аяқтаған клубтың 90% акциясын сатып алған.


2020 жылдың ақпан айынан бастап "Уикомб" америкалық кәсіпкер Роб Куигге тиесілі, ол өтпелі кезеңде президент болып қалады. Сондай-ақ Премьер-лиганың әртүрлі клубтарында жұмыс істеген Дэн Райс футбол жөніндегі атқарушы директор болып тағайындалғаны белгілі болды.


Осы жылдың басында Ломтадзе 4,5 миллиард фунт стерлинг дәулетімен Forbes миллиардерлер тізімінде 581-орыннан көрінді. Михаил Ломтадзе – Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылардың бірі.