15 мау, 2022 сағат 18:31

Қазақстандық клубтардың UEFA лигасындағы қарсыластары анықталды


Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қазақстандық клубтардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Петропавлдың «Қызылжары» еурокубок ойындарын Хорватияның «Осиек» командасымен бастайды. Ал «Астана» аталған кезеңде Польшаның «Кишварда» клубымен шеберлік байқасады. Алматының «Қайраты» Венгрияның «Кишварда» клубымен ойнайды. 

Жарыстың аталған сатысындағы ойындар 21 және 28 шілде күндеріне белгіленген. 

Қостанайлық клуб аталған турнирдің екінші іріктеу сатысына өткен жағдайда «Слован» (Словакия) және «Динамо Батуми» (Грузия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Жеңілген жағдайда Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында «Шкупи» (Македония) және «Линкольн» (Гибралтар) жұбының жеңімпазымен ойнайды.