01 қаз, 2019 сағат 16:53

Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың WBA рейтингі жарияланды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санатындағы боксшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Жаңа тізім бойынша, суперауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Иван Дычко бір саты төмен сырғып, 14-орынға орналасқан. ТОП-3 Тревор Брайан (АҚШ), Александр Усик (Украина) және Энтони Джошуалардан (Ұлыбритания) құралған.

Екінші орта салмақ санатындағы WBA International, WBO Global және WBC Asia Continental белдіктерінің иесі Айдос Ербосынұлы төртіншіден үшінші орынға көтерілді. Бірінші орында — британиялық Джон Райдер, екінші — ресейлік боксшы Федор Чудинов.

Жартылай орта салмақтағы WBA Inter-Continental белдігінің иегері Нұрсұлтан Жаңабаев бұрынғыша жетінші сатыда орналасқан. Осы санаттың басында ресейлік Александр Беспутин тұр, екінші орын оның жерлесі Раджаб Бутаевқа бұйырған. Ал кубалық Йорденис Угас үздік үштікті түгендеген.