26 жел, 2020 сағат 12:00

Қазақстандық кәсіпқой боксшы жекпе-жекке дайындығын көрсетті

30 қаңтарда шаршы алаңға оралатын бірінші орта салмақта қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 KO) жекпе-жек алдындағы жаттығуын жалғастыруда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Келесі жекпе-жегінде Садриддин Ахмедов WBA Continental чемпионы титулы үшін нидерландтық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 KO) жұдырықтасады. Жекпе-жек Мексиканың Куэрнавака қаласында өтеді. 

Залда жаттығып жүрген Садриддин дайындық барысын видеоға түсіріп, өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Алдағы айқасқа дайындық қызу жүруде!», - деп жазды спортшы. 

Айта кетейік, бұл – Ахмедовтың 2019 жылғы желтоқсаннан бергі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Бір жыл бұрын Садриддин аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (13-6-2, 8 КО) нокаутпен жеңген болатын.