Қазақстандық каноэші Александр Куликов Токиодағы олимпиадада сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Каноэ есуде Куликов екінші әрекетте 105,43 секунд (2 секунд айыппұл) уақытты көрсетіп, 14-орынды иеленді. Бұл нәтиже жарыстың жартылай финалына шығуға жеткілікті болды. Ертең болатын жартылай финалға барлығы 15 спортшы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы Олимпиадада Қазақстанда әзірге бір қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алды. Жалпы ел намысын 27 спорт түрінен өнер көрсететін 97 атлет қорғайды. Олимпиада 8 тамызға дейін жалғасады.