06 қаз, 2020 сағат 14:40

Қазақстандық фермерлер биыл шетелден 11,6 мың сиыр сатып алды

Қазақстандық фермерлер жыл басынан бері шетелден 11 639 бас ірі қараны сатып алып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша биыл 108 тауар өндіруші 11 639 бас ірі қараны шетелден сатып алып келді. Негізгі қаржыландырылған сома – 7,5 млрд теңге. 2019 жылмен салыстырар болсақ, былтыр 63 мың ірі қара шетелден әкелінген болатын. Биыл пандемияға байланысты жазда ол жұмыс кішкене қысқарып қалды», - деді «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетсек Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ішкі нарықты негізгі тамақ өнімдерімен қамту жоспары бір ай ішінде бекітілетінін мәлім еткен еді. 

«Бұл мәселе бойынша 2023 жылдың соңына қарай ішкі нарықты негізгі тамақ өнімдерімен толықтай молықтыруға мүмкіндік беретін негізгі тәсілдемелер айқындалғанын атап өткім келеді. Бұл шаралар бүгін Үкімет отырысында таныстырылды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша ішкі нарықты азық-түлік өнімдерімен молықтыру жөніндегі кешенді жоспардың жобасы бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, Үкіметке бекітуге енгізіледі», - деді Сарапхан Омаров.