14 там, 2020 сағат 19:24

Қазақстандық дипломаттар оқушыларға ноутбук сыйлады

Бүгін қазақстандық дипломаттар аз қамтылған отбасылардың балаларына ноутбук табыстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін қазақстандық дипломаттардың атынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған 150 ноутбук беру рәсімі өтті. Рәсім барысында «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» АҚБ өкілдері ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин басқаратын «Қайырымдылық» ерікті қоғамы» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы арнайы меморандумға қол қойды», - делінген еліміздің Сыртқы істер министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта.