Asianboxing.info жасаған рейтингі бірнеше жылдан кейін жаңа есімдер арасында салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшылары рейтингіне кімдер кіретініне болжам жасады, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
Біл тізімге қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің есімі кірді. Боксшы кәсіби рингте тек бір айқас өткізген: оның рекорды — 1-0, 1 КО. Дегенмен Құлахмет 11 қарашада бірінші орта салмақта WBC International бос белдеуі үшін британдық боксшы Маколей Макгоуэнмен (14-0-1, 3 КО) жекпе-жекке шығады.
Сондай-ақ, Asian Boxing пікірінше, 2023 жылы P4P-рейтингінің үздік «ондығына» келесі боксшылардың есімдері де кіруі мүмкін: Косеи Танака (15-0, 9 КО), Джесси Родригес (12-0, 8 КО), Бектемір Меликузиев (6-0, 5 КО), Дзюнто Накатани (21-0, 16 КО).