Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Закир Сафиуллин алғашқы жекпе-жегінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ол 63 келіде перулік Леодан Песо Сабойямен қолғап түйістірді.
Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс 5:0 есебімен қазақстандық боксшыға берілді.
Осылайша ол 1/8 финалға жолдама алды.
Закир Сафиуллин 1986 жылы 11 қарашада дүниеге келген. Бұған дейін 2015 жылы Азия чемпионы атанған.
Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшылар сегіз салмақта бақ сынайды.
Олардың қатарында Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Коңқабаев (91 келіден жоғары) бар.
Айта кетейік, бұдан бұрын Серік Теміржанов (57 келі) венгрлік Роланд Галошты (5:0) жеңді.