30 там, 2019 сағат 09:57

Қазақстандық боксшы ТМД чемпионы атанды

Мәскеуде өткен титулдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Ғалым Шағатай ресейлік қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазақстанның кәсіпқой боксына» сілтеме жасап.

Ғалым Шағатай жекпе-жектің екінші кезеңінде ресейлік Александр Салтыковты нокаутқа жіберіп, бірінші орта салмақтағы ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы атанды.

Еске салсақ, 21 жастағы кәсіпқой боксшы Мәскеуде титулды жекпе-жек өткізетіндігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.