18 мам, 2022 сағат 17:22

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңіп, финалға шықты


Алуа Балқыбекова бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Стамбұлда өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер басталды. 48 келіде шаршы алаңға шыққан отандасымыз болгариялық Севда Асенованы бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Алуа Балқыбекова финалда Түркия спортшысы Айсе Чагирырге қарсы жұдырықтасады.

Айта кетерлігі, әлем біріншілігінің финалдық кезеңі 19-20 мамыр күндеріне жоспарланған.