06 мам, 2022 сағат 10:05

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды


Қазақстандық Алексей Чуркин Грекияның Ираклион қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

73 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Алексей 329 (146+183) келіні бағындырды.

Бұл салмақта индонезиялық Жулиансиах Ризхи топ жарса, америкалық Риан Енри үшінші орын алды. 

Сондай-ақ осы салмақта тағы бір отандасымыз Пётр Хребтов сынға түсті. Ол 307 (137+170) келі көрсеткішімен 5-орынға жайғасты.

Айта кетейік, жарыс 10 мамырға дейін жалғасады. Чемпионатқа 8 қазақстандық спортшы аттанды.

Олар:

Екатерина Алякина (-55 келі);

Айсамал Сансызбаева (87+ келі);

Петр Хребтов (-73 келі);

Алексей Чуркин (-73 келі);

Денис Полубояринов (-81 келі);

Егор Шерер (-81 келі);

Клим Башаргин (-89 келі);

Султан Мейрам (-96 келі);