#
#
Бейсенбі 06/08/2020

Қазақстандағы карантин: 42 500 теңге төлем беріле ме

  • 02.07.2020
  • 0
  • 385

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден басталатын екі апталық карантин кезінде әлеуметтік төлем беру мәселесіне қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен о нлайн баспасөз мәслихатында 42 500 теңге әлеуметтік төлемге қатысты сұрақ қойылды. Вице-премьер төтенше жағдай болмағандықтан, бұл төлемге заңнамалық негіз жоқ екенін атап өтті.

«42 500 теңге көмегі тоқтады. Бірақ, әлі толық жұмысқа шыға алмай отырған мекемелер бар. Кәсіп иелері табыс жоқ болған соң, барлық қызметкерлерге әлеуметтік төлем жасай алмаймыз дейді. Мұндай жағдайда халыққа енді әлеуметтік төлем жасала ма?», - деп сұралды.

«Бұл - төтенше жағдаймен тікелей байланысты. Ары қарай төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін, оған ешқандай заңнамалық негіздеме жоқ. Сондықтан азаматтар мүмкіндігінше қызмет орындарында жұмыстарын жалғастыруы тиіс», - деді Е. Тоғжанов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар