Елбасы мен Президент тапсырмасы аясында іске қосылған еліміздегі тұңғыш лоукостер FlyArystan Қазақстанның батысына жол тартады, деп хабарлайды "Ұлт апарат" компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
FlyArystan бағдарлар кестесін кеңейтіп, Атырау қаласында жаңа бекеттің ашылуы туралы қуана хабарлайды. Рейстер 2020 жылдың 15 шілдесінен бастап орындала бастайды.
Жайлы Airbus A320 ұшақтары мұнай астанасынан жаңа 9 бағыт бойынша қатынайды. 25 қазанға дейін орындалатын рейстерге билеттер flyarystan.com сайтында сатылымға түсті.
- 4999 теңгеден бастап Ақтауға күнделікті, Ақтөбеге аптасына 4 рет (Дс, Сс, Бс, Сб), Оралға аптасына 3 рет (Ср, Жм, Жк)
- 6999 теңгеден бастап аптасына 2 рет Қостанайға (Сс, Бс), Қызылордаға (Дс, Жм)
- 9999 теңгеден бастап Шымкентке аптасына 4 рет (Сс, Бс, Жм, Жк)
- 11 999 теңгеден бастап Қарағандыдан аптасына 3 рет (Сс, Ср, Сб)
- 12 999 теңгеден бастап Нұр-Сұлтанға аптасына 2 рет (Бс, Жк)
- 14 999 теңгеден бастап Алматыға аптасына 2 рет (Дс, Сб)
Минималды билет құны көрсетілген, кездейсоқ орын мен 5 кг қолжүгін қамтиды. Жолжүк, тағам мен орынды таңдау қосымша қызметтері жолаушы қалауымен бөлек төленуі тиісті.
FlyArystan-ның коммерциялық директоры Жанар Жайлауованың айтуынша ,Атырау облысы еліміздің ең қарқынды дамыған индустриалды аймағы ретінде ішкі әуенарықтың дамуына зор үлесін қоса алады.
«FlyArystan Атырау әуежайын аймақтық бекетке айналдырып, әуекомпанияның бағдарлар кестесін кеңейтуге дайындығын хабарлайды. Лоукост әуекомпаниясымен сапар шегемін деушілер саяхатын алдын ала жоспарлағаны абзал. Барлық билеттердің құны бірдей бола алмайды. Ұшып шығу күні неғұрлым жақындаған сайын соғұрлым билет құны қымбаттай түседі. Әсіресе бұл мейрам, демалыс және жаз маусымына қатысты екенін атап өткен жөн. Жолжүкті де ертерек flyarystan.com сайтынан алып қойған дұрыс, себебі әуежайда жолаушылар әрбір келі үшін төлеп, бірнеше есе артық шығындануы ықтимал», - дейді Жанна Жайлауова.
Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай аяқталып, рейстердің жандануынан кейін, яғни 12 мамырдан бастап FlyArystan Алматы мен Нұр-Сұлтаннан қайта ұша бастады.
Өткен бір айдың ішінде тасымалдаушы 70 мыңнан астам жолаушыны діттеген жеріне жеткізіп үлгерді. 10 бағыт бойынша рейстердің орташа коэффициенті 91% құраса, оларды уақыты орындау көрсеткіші 95% жетті.