Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозер Маңғыстауға келді.
Ол жұбайымен бірге өңірдегі киелі орындарға барған. Уильям Мозердің отбасы Маңғыстауда үш күн қонақтаған.
Олар Шотан Ата мешітінде, «Шерқала» шатқалы мен Бекет Атаның Оғыландыдағы жерасты мешітінде болған. Елші Маңғыстауға сапары жайында қазақ тілі сабағында жазған.
«Маңғыстау бізге ұнады. Осында біз үш күн болдық. Бірінші күні Шопан ата мешітіне бардық. Жолда үш сағат болдық. Тас шарларды көрдік. Шопан ата мешіті - қасиетті жер. Шопан ата - əулие адам болды. Содан кейін «Қызылқала жібек жолы» аулына бардық. Сонда «Шерқала» тауын көрдік. Қазақ ауылында қой етін жедік жəне сонда түнді өткіздік. Екінші күні Тұзбайырға бардық. Онда бұрын тұзды көл болды. Қазір бұл шөл жер жəне ақ таулар. Жол жаман жəне ауыр болды. Далада түйелер мен жылқыларды көрдік. Кешке қарай біз Бекет ата шатқалына жеттік жəне түнді өткіздік. Үшінші күні Бекет ата шатқалына көтерілдік. Үш сағат жолға кетті. Айнала əдемі ақ таулар. Бізге өте ұнады. Содан кейін Үстірт шатқалына бардық. Шөл жерлерін көрдік. Бұл шатқалда Бұхты тауы бар. Бұхты тауы өте əдемі. Түстен кейін Ақтауға келдік. Ақтау Каспий теңіздің жағасында орналысқан. Теңіз əдемі», - деді ол.