05 шіл, 2017 сағат 15:03

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын Оралдағы ҚХА жүзеге асырмақ

Еліміздің саяси экономикалық даму қарқынын сақтап, баянды болашағын қамтамасыз етудің кілті рухани жаңғыруда жатыр.

Сол себепті де Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тарихи мақаласында осы мәселеге айрықша мән берілген. «Рухани жаңғыруды» ұлттың рухани темірқазығы ету идеясын Жайық жұртшылығы да қолдайды. Осы бағытта Орал өңірінде атқарылар іс-шаралар белгіленіп, жұмыс топтары құрылды. Ал «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзеге асырмақ. Өңірдегі «Киелі жерлер картасын» жасақтауды мәдениет басқармасы қолға алып отыр. Аталған шараларға ақпараттық қолдау көрсетудің де маңызы зор.

Дәулеткерей Құсайынов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы:

- Бұл мақаланың маңызы және одан туындайтын міндет несімен жаңа, несімен ерекше? Бұл өте мүлдем жаңа, мүлдем тың дүние. Олай болатын себебі бұл бірінші кезекте қоғамның санасының жаңғыруын көздейді. Соған Елбасы бағыт беріп отыр. Тарихтан сабақ ала отырып, Елбасы «біз өз алтын тамырымызды үзбеуіміз керек», деп ескертеді. Біз алтын тамырымызды іздеп тауып, сонымен бүгінгі күнді сабақтастыру керекпіз.

Ғайса Қапақов, ҚХА облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Елбасы сол кезде басып айтқаны, ең қиын да күрделі мәселе - ол қоғамдық сананы өзгерту. Ол деген бір күндік жұмыс емес, компанияға айналмау керек. Үлкен, жүйелі түрде жұмыс атқару керек. Бағыттардың бірі – елге танымалы жаңа Қазақстан есімдерін Ассамблея қолға алып жатыр.

"Ұлт ақпарат"