18 қаң, 2021 сағат 09:12

Қазақстанда жыл басынан бері 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ІІМ

Жыл басынан бері еліміздің аумағында 6484 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Жыл басынан бері 6484 қылмыс жасалды, оның 4321-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 35 кісі өлтіру қылмысын, 12 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруді, 42 тонауды, 977 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді ресми өкіл министрлікте өткен онлайн брифингте.