#
#
Сейсенбі 22/09/2020

Қазақстанда жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 154 мың жұмыс орны құрылды

  • 05.08.2020
  • 0
  • 128

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында (бұдан әрі – ЖҚЖК) 6 373 жобаны іске асыру басталып, олар бойынша 154 мың жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы органдар іске асыру үшін 6 762 жобаны іріктеп алды. 

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру 4 негізгі бағыт бойынша өтеді:

– әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (2 729 жоба);

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (1 088 жоба);

– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (1 926 жоба);

– елдімекендерді абаттандыру (1 019 жоба). 

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Жұмысшылардың кем дегенде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға беріледі. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге тиіс. 

4 тамыздағы жағдай бойынша өңірлерде 6 373 жоба бойынша жұмыс басталды, 154 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 88 мың адам жұмысқа орналасты. 

Бұған дейін хабарланғандай, ЖҚЖК аясында барлығы 255 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға негіз болады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар