Қазақстанда ЖІӨ өсу болжамы артуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір біз Үкіметте бюджетті нақтылау аясында алдағы үш жылға арналған болжамдардың жаңа кезеңін қалыптастыруға кірістік. Атап айтқанда, 2021 жылға арналған болжамымызды нақтылаймыз. Бәлкім, кішігірім арттыратын шығармыз. Бұл сыртқы-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты. Соңғы уақытта мұнай бағасының қалай өзгергенін және экономикамыздың белгілі бір секторларда қарқын алып келе жатқанын көріп отырмыз», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Әсет Ирғалиевтің айтуынша, биыл ЖІӨ өсімінің болжамы 3,1%-ға дейін артуы мүмкін.
Өткен жылы ЖІӨ өсімі 2021 жылы 2,8% деңгейінде болады деп болжанған еді.