29 нау, 2026 сағат 12:19

Қазақстанда Жер сағаты акциясы өтті

Фото: Астана әкімдігі

Кеше бүкіл ел бойынша «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтуде. 2026 жылы акцияның тақырыбы елімізде экотуризмнің дамуы болып жарияланды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде ғимараттардың жарықтандыруы бір сағатқа сөнді.

Естеріңізге сала кетейік, «Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. 

Қазақстан бұл шараға 17-ші рет қосылып отыр және биылғы жылы шараға еліміз бойынша 500-ден астам нысан: Ақорда резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, Тәуелсіздік сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, спорт нысандары, оқу орындары, өндірістік мекемелер және т.б. ғимараттар қосылды.

«Жер сағаты» - бұл планетадағы ең ірі экологиялық науқан. Оған дүние жүзінде 2 миллиардтан астам адам қатысады, 180 елдегі 7000 қаланың тұрғындары шараға қосылды. 2026 жылы «Жер сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет өткізілді.