06 қаң, 2021 сағат 12:35

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді. Құжатқа премьер-министр Асқар Мамин қол қойды.

 

Мерекелік даталар тізіміне Архивші күні енді. Мейрам 22 желтоқсанда аталып өтетін болады.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылға арналған күнтізбе жариялаған болатын. Оған сәйкес, биыл аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 120, ал алты күн істейтіндер 68 күн демалады.

 

Ең ұзақ демалыс, әдеттегідей, наурыз және желтоқсан айларына түсіп отыр.