17 нау, 2021 сағат 07:30

Қазақстанда вирус күшейді: Мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігі 17 наурызда Қазақстанда тағы 1082 адамның коронавирус тесті оң шыққанын хабарлады. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш бірнеше күнде алғаш рет 954-ке түскен еді.

Министрлік адам өлімі мен коронавирус пневмониясына шалдыққандарға байланысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді. 15 наурызда 79 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 

2020 жылдың 13 наурызынан бері 226 767 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 208 074 адам жазылған. Өткен тәулікте 703 адамның жазылғаны хабарланды. Былтырдан бері 2 873 адам қайтыс болған. 15 наурызда 8 адам өлімі тіркелген. Олардың бәрінің коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен.

2020 жылдың 1 тамызынан бері елде 49 896 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан деп айтылады. 45,4 мың пациент жазылған. 656 адам қайтыс болған. 15 наурызда коронавирус пневмониясы бойынша адам өлімі тіркелмеген.

Өткен тәулікте Алматы (307) мен Нұр-Сұлтан (203) қалаларында көп науқас (ПТР тесті оң шыққан) тіркелген. Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирусқа байланысты демалыс және мереке күндері қалада карантин күшейеді.

Қарағанды облысында 101 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді. Алматы облысы (91), Ақмола облысы (60), Батыс Қазақстан облысында (55) ондаған науқас қосылған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 120,6 млн адамнан асты. Шамамен 68,4 адам жазылған, 2,66 млн адам қайтыс болған.

Өңірлер бойынша толық көрсеткіш:

Алматы қаласында - 28307 (+307),
Нұр-Сұлтан қаласында – 26936 (+203),
Шығыс Қазақстан облысында - 22505 (+14),
Павлодар облысында - 18597 (+45),
Атырау облысында - 17807 (+49),
Қарағанды облысында - 16388 (+101),
Ақмола облысында – 14638 (+60),
Батыс Қазақстан облысында – 13933 (+55),
Қостанай облысында - 13211 (+46),
Солтүстік Қазақстан облысында - 12784 (+27),
Алматы облысында - 11901 (+91),
Шымкент қаласында -6417 (+28),
Жамбыл облысында – 6181 (+14),
Ақтөбе облысында - 4556 (+25),
Түркістан облысында – 4373 (+3),
Маңғыстау облысында - 4311 (+11),
Қызылорда облысында - 3922 (+3).

17 наурыздағы мәлімет бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда короновирус инфекциясынан 19 632 адам (15 820 КВИ+ және 3 812 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 370 пациент - стационарда, 14 262 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 237 адамның жағдайы ауыр;

- 56 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.