14 қаң, 2025 сағат 14:27

Қазақстанда валюта айырбастау пункттерінде валютаны сату-сатып алу бағамдарының ауытқуына жаңа шектеулер белгіленеді


Фото: zakon.kz

Қазақстанда валюта айырбастау пункттерінде валютаны сату-сатып алу бағамдарының ауытқуына жаңа шектеулер белгіленеді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Ұлттық Банк «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма қаулысының жобасы әзірленгенін хабарлайды", -делінген хабарламада.


Жобаға сәйкес айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі АҚШ доллары үшін – 7 теңге, еуро үшін – 10 теңге деп белгілеу ұсынылады.
Ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді төмендетуге, сондай-ақ қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін сейілтуге бағытталған.

Бұл шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына әсер етпейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.