04 там, 2021 сағат 09:42

Қазақстанда вакцина салдырған адам саны 4 миллионнан асты


Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасында коронавирус вакцинасын салдырғандарға қатысты соңғы дерек жарияланды.

«2021 жылғы 3 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 530 789 адам, 2-ші компонентін 4 084 463 адам салдырды», делінген хабарламада.