19 сәу, 2022 сағат 11:20

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалды?


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 387 ардагері бар. Былтыр Қазақстанда 665 ардагер болған", - деді министрлік өкілдері. 

Сонымен қатар, 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуге үлес қосқан 72 468 азамат бар. Оның ішінде: 

  • қоршаудағы Ленинград тұрғыны - 91;
  • концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқыны - 205;
  • қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелі мен күйеуі - 2 918;
  • ҰОС кезінде қаза тапқандардың жесірлері - 6;
  • тылда еңбек еткендер - 69 248.

Министрлік мәліметінше, заң бойынша, ардагерлерге әлеуметтік көмекті жергілікті әкімдіктер көрсетеді.