14 қар, 2022 сағат 17:32

Қазақстанда Украинаның жаңа елшісі кандидатурасы қарастырылып жатыр

Фото:elements.envato.com

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Украинаның жаңа елшісі кандидатурасын қарастырып жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Жаңа елшінің кандидатурасын құзырлы органдар қарастырып жатыр. Нақты мерзім белгісіз", - деді Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифингіде.

Еске салайық, 19 қазанда Украина Президенті Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Қазақстандағы елші қызметінен босатқан болатын.