10 нау, 2021 сағат 10:00

Қазақстанда «ТВ+» телевизиялық платформасы іске қосылды

Бүгін еліміздегі ең ірі байланыс операторы «Қазақтелеком» IPTV технологиясы бойынша қызмет көрсететін жаңа буынның телевизиялық хабар тарату қызметін ұсынып, «ТВ+» - жаңа буынның телевизиялық хабар тарату қызметі таныстырылды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Аталған жоба әрбір қазақстандық үшін өз үйлеріндегі эфирді басқаруға және бір уақытта бірнеше гаджеттен әртүрлі бағдарламаларды көруге мүмкіндік береді.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, елімізде танымал, интерактивті ТВ-алаңының пайда болуы қазақстандық контенттің дамуына серпін береді.

«Біздің телевизиялық платформа аясына «Қазақстанда жасалған» атты кең көлемді кітапхана қоры кіреді. Бұл жерде «Қазақтелекомның» «ТВ+» жобасы үшін арнайы жасалған қазақстандық фильмдер мен бағдарламалардың жиынтығы қамтылған. «Қазақстанда жасалған» кітапханасының тұрақты түрде кеңейіп тұруы үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз. Ыңғайлы және танымал телевизиялық платформаны құра отырып, отандық актерлер, блогерлер, журналистер мен публицистердің жобалары үшін тұрақты алаң ұсынамыз», - деді Қуанышбек Есекеев.

Айта кетейік, «Қазақтелекомның» «ТВ+» телевизиялық платформасы жаңа заманауи IPTV/OTT гибридті кешені негізінде құрылған. Бұл екі стандарт - IPTV және OTT өзара бөлек қолданған кезде де бірегей сапалы ұсыныстардың шоқтығын ұсынатын жүйе. Ал олардың бір алаңда топтасуы абонентке өзіндік, бірегей және оңтайлы телевизиялық пакетті «өз қолымен» құруға мүмкіндік беретін мүлдем жаңа технологияға айналады.

Ал «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес бөлімінің бас директоры Игорь Погребицкийдің айтуынша, дәстүрлі қызметтерден айырмашылығы, TV+ бірқатар ерекше артықшылықтарға ие.

«Олардың бастысы - көрерменнің эфирді өз бетінше басқара алу қабілеті: мысалы, экран алдынан кету керек болса, бейнемагнитофон принципі секілді, фильмнің басына немесе артына айналдыру мүмкіндіктері болады. Екінші маңызды артықшылығы - теледидар көруге болатын гаджетті таңдау мүмкіндігі: әрқашан қолда болатын смартфоннан, планшеттен немесе Smart TV функциясы бар теледидардан көру мүмкіндігі бар. Ең бастысы, үйде интернет байланысы болуы керек және осы бір сигнал көзі үй шаруашылығына әртүрлі гаджеттердегі бірнеше бағдарламаны бір уақытта көруге мүмкіндік береді», - деді «Қазақтелеком» АҚ Бөлшек бизнес бөлімінің бас директоры Игорь Погребицкий.

Осы орайда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазақтелеком» АҚ-ның түбегейлі жаңа телевизиялық платформа құру жөніндегі жаңа жобасына баға берді.

«Жаңа телевизиялық платформаның ашылуы – отандық медиа саладағы айтулы оқиға. Қоғамға сапалы әрі ашық ақпарат жеткізу – біздің қызмет саласындағы басты міндеттердің бірі. Соның ішінде әсіресе, жаңа теле-платформаның мемлекеттік тілге басымдық беретіні көңіл қуантады. Сондай-ақ, жаңа бастама – отандық медиа саласының бәсекеге қабілетін одан ары арттыруға үлкен серпін береді деп сенемін», - деді министр.

Бұл орайда, Аида Балаева осы жаңа жобаға бастама көтеріп, оның іске асуын қамтамасыз етіп отырған – «Самрұқ-Қазына» Әл-ауқат қоры мен «Казақтелеком» компаниясына алғысын айтып, «ТВ+» жаңа телеплатформасы отандық медиа нарығын дамыту катализаторларының бірі ғана болып қалмай, жас талантты авторларды елімізде жаңа, барынша сапалы контент жасау үшін үнемі жұмыс істеуге ынталандырады деп сенім білдірді.

Белгілі болғанындай, «ТВ+» жобасы арнаның теледидарлық бағдарламасына емес, көрермен қажеттілігіне сай бейімделеді. Сонымен қатар, егер пайдаланушының теледидары ескі үлгі болса да, STB приставкасын пайдалану арқылы сапалы мазмұн тамашалауға болады. Көрермен бейнені қайда қарап отырса да, сапа әрқашан ең жақсы деңгейде қалады. Негізгі бетте көрерменге рейтинг көшбасшылары мен прокаттағы жаңа топтамалар көрсетілген түсінікті әрі нақты ұсыныстар парағы ұсынылады. Контент таңдау бойынша ұсыныстар жанр бойынша беріледі және ыңғайлы навигация мен ойластырылған дизайнның көмегімен ол өзіне қызығушылық тудыратын мазмұнды оңай таңдап, көре бастайды. Тағы бір артықшылық: «ТВ+» каталогта соңғы 7 күндегі теледидар бағдарламаларының мұрағатын, сонымен қатар шолу тарихындағы қаралған контентті сақтайды. Құрылғыны қосқан кезде жүйе үзілген сәтте тоқтап қалған бейнені қайта қарауға ұсыныс жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміздегі ең ірі байланыс операторы «Қазақтелеком» IPTV технологиясы бойынша қызмет көрсететін жаңа буынның телевизиялық хабар тарату қызметін ұсынып, «ТВ+» - жаңа буынның телевизиялық хабар тарату қызметі таныстырылды. Аталған жоба әрбір қазақстандық үшін өз үйлеріндегі эфирді басқаруға және бір уақытта бірнеше гаджеттен әртүрлі бағдарламаларды көруге мүмкіндік береді.