12 қар, 2020 сағат 11:53

Қазақстанда тұтынушы несиелерінің қарқыны төмендеді - Мәдина Әбілқасымова

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстанда тұтынушы несиесінің көлемі төмендегенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бұл көрсеткіш халықтың сұранысы мен табысының азаюына байланысты төмендеді. Қазір банктердің тұтынушы кредиттері 2020 жылдың 9 айында 0,7% ғана өсім көрсетіп отыр. Ал былтыр осы кезеңде 18,6% өсім болған», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап несие төленбей қалған жағдайда кепілсіз тұтынушы несиелерінің комиссиясы 90 күнтізбелік күн ішінде тоқтатылады.

Сонымен қатар, төлем қабілеті төмен азаматтарға несие берілмейтін болады. 

«Биыл проблемалық несиелер үлесі мамырда 9,4%, ал қазан айында 8,4% болды», - деді Агенттік төрағасы.